2010 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімов Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында болды.
Премьер-министрі К.Қ.Мәсімов «Абай дәуірі», «Абайдың шығармашылығы», «Жаз» бөлімдерімен танысты. «Алаш арыстары» экспозициясын аралап, Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік, қоғамдық, саяси қызметтерін көрсететін материалдар, фотосуреттер, архив деректеріне қызығушылық танытты.
Мұражайдың мәртебелі қонағы «Зерде» кітабына қолтаңба қалдырып, ізгі ниетін білдірді. Қорық-мұражай ұжымына рухани мұраны сақтаудағы еңбектеріне зор ықыласын білдірді.
|