Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінің жұмысы туралы


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жоспары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия елдерін біріктіру бастамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театрлар фестивалі 26 – 30 мамыр аралығында өткізілді.

Бұл маңызды іс-шараға Қырғыз Республикасының Т.Абдумомунов атындағы қырғыз ұлттық академиялық театры, Өзбекстан Республикасының Сурхандария облыстық Маннон Уйгур атындағы музыкалық драма театры, Тәжікістан Республикасының Камола Худжанди атындағы музыкалық комедия театры, Қазақстан Республикасының 6 театры қатысты (барлығы 9 театр).

Көрсетілген спектакльдердің тақырыбы да әр түрлі саланы қамтиды. Солардың бесеуі Шыңғыс хан, Томирис және Мұстафа Шоқай секілді тарихи бейнелерге арналған болса, екі театр шет елдік авторлардың пьесаларын көрсетті. Сонымен қатар өзбек театрының комедиясы және Ш.Айтматовтың драмасы афишаға енгізілген.

Фестиваль Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында 26-шы мамыр күні сағат 17.00 ҚР Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Одан бір күн бұрын қатысушылар Мемлекеттік М.Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында У.Шекспирдің «Король Лир» байқаудан тыс койылымын тамашалады.

Қойылымдар бағдарлама бойынша көрсетілді. Әр спектакльден кейін сыншылар алқасы талқылау өткізіп отырды. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер институтының студенттері даярлаған «Отелло» қойылымын М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» қойылымына ауыстыруға тура келді. Себебі – «Отелло» үш сағаттан асып кететін ұзақ қойылым. Қазылар алқасының жабық жиналысы 30 мамыр күні сағат 19.30 өткізілді.

Фестивальдің жабылуы Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында 30-шы мамыр күні сағат 18..30 басталып, жүлдегер атанған ұжымдарға және жеке орындаушыларға алтын жалатқан жүлделер мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Нәтижесінде жүлдегерлердің тізімі төмендегідей болып табылды:

«Үздік қойылым үшін – 1 орын» - Ш.Айтматовтың «Шынғысханның ақ бұлты» атты қойлымы – Қырғыздың Т.Әбдімомынов атындағы ұлттық-академиялық театры (Қырғыз Республикасы).

«Үздік қойылым үшін – 2 орын» - А.Ашири мен Қ.Абдрасуловтың «Идикут» атты қойылымы - Мемлекеттік Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры (Қазақстан Республикасы).

«Үздік қойылым үшін – 3 орын» - Х.Хурсандовтың «Қыңыр шал» атты комедия – Сурхандарья облыстық М. Уйгур атындағы музыкалық драма театры (Өзбекстан Республикасы).

«Үздік режиссура үшін» - Астана қаласының Жас көрермендер театрының бас режиссері Нұрқанат Жақыпбаев (Қазақстан Республикасы).

«Үздік ұлттық драматургия үшін» - Мемлекеттік .К. Худжанди атындағы музыкалық комедия театры көрсеткен «Шөл қандыру» пьесаның авторы Нұр Табаров (Тәжікістан Республикасы).

«Үздік әйел бейнесін сомдаған үшін» - Мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Аида Жантілеуова (Қазақстан Республикасы).

«Үздік еркек бейнесін сомдаған үшін» - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері Данияр Базарқұлов (Қазақстан Республикасы).

«Үздік сценография үшін» - Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының бас суретшісі Халтөре Жұмағұлов (Қазақстан Республикасы).

«Үздік әлеуметтік-саяси шешімі үшін» - Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» атты қойылымы – Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театры (Қазақстан Республикасы).

«Ана бейнесін сомдаған үшін» - Гүлнора Равшанова (Өзбекстан Республикасы), Зульфия Туйчиева (Тәжікстан Республикасы), Шаиргүл Касмалиева (Қырғыз Республикасы).

«Шынғысхан бейнесін сомдаған үшін» - Қырғызбай Осмонов (Қырғыз Республикасы), Махмуд Дараев (Қазақстан Республикасы), Әділ Ахметов (Қазақстан Республикасы).

«Үміт» жүлдесі – М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» комедиясын көрсеткен Ұлттық Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері (Қазақстан Республикасы).

Қазылар алқасының құрамы:

Чухадароглы Сафия Томрис Дурсун – Мемлекеттік Кония қаласы театрының директоры (Түрік Республикасы), төраға;

Абдықалыков Акылбек Арымбекович -Қырғыз Республикасының халық артис (Қырғыз Республикасы);

Обаев Есмұхан Несіпбайұлы - Қазақстан Республикасының халық артисі (Қазақстан Республикасы);

Жаманқұлов Тұнғышбай Қадырұлы - Қазақстан Республикасының халық артисі (Қазақстан Республикасы);

Усмонов Иброхим Кенджаевич - тарих ғылымдарының докторы; ғылым және техника ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері (Тәжікстан Республикасы);

Рахматуллаева Дильфуза Назруллаевна - өнертану ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы).